«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-де Жастар саясатын жүзеге асырудың миссиясы мен мақсаттары
Миссиясы: «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-гі (бұдан әрі – Компания) Жас мамандарды Компанияның қызметіне, оның ішінде өндірістік және стратегиялық міндеттерін шешуге белсенді ат салысуын ынталандыруға, сондай-ақ жас қызметкерлердің кәсіби дамуы, жас қызметкерлерде корпоративтік құндылықтарды қалыптастыру, олардың ғылымдағы, техника мен өндірісті басқарудағы творчестволық әлеуетін ашу мен көтеру үшін жағдайлар жасауға тырысады.
Мақсаты: Компанияның өндірістік және әкімшілік-шаруашылық процестерінің тиімділігін жақсарту, арттыру жөніндегі өнертабыстық және инновациялық шешімдерді (жобаларды) енгізуді, ресурстарды үнемді пайдалану және Компания қызметінің барлық салаларындағы кемшіліктерді кемітуді ұсыну және ықпал ету.
Компанияның жас қызметкерлерін оқытуға және олардың кәсіби дамуына ықпал ету. ҚазМұнайГаз Ұлттық Компаниясы АҚ-ның тобына кіретін компаниялардың жас мамандары кеңестерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Әлеуметтік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жас қызметкерлердің рухани дамуына және денсаулықтарын нығайтуға, сондай-ақ Компанияның ұжымдары топтастығының артуына ықпал ету.
Ағымдағы 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Қолданыстағы заңға сүйенсек, «Жастар» - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Жастар, біздің де Компаниямызда қызмет етеді. Компания жастарды қолдауға бағытталған саясатты толықтай қолдайды. Оның дәлелі болып «Кен-Құрылыс-Сервис ЖШС-нің Жас мамандар кеңесі» (ЖМК) табылады. «Жас мамандар кеңесі» 2014 жылдың тамыз айында «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның бастамасымен және Компания директорының қолдауымен құрылып, күні бүгінге дейін, белгіленген тәртіпте қызмет етіп келеді.
Кеңестің мақсаты, он сегіз жаспен отыз үш жас аралығындағы жас мамандарды қолдау, олардың білімін арттырып, қызметінде үздік болуға және Компанияның өркендеп, дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беру болып табылады.
Жас мамандар кеңесінің төрағасы - Артыков Аманғали (Жол-құрылыс басқармасы).