"Кен-Құрылыс-Сервис" ЖШС-гі (бұдан әрі - Жұмыс беруші) мен оның Жұмыскерлері арасындағы жасақталған ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ талаптарына сәйкес, Жұмыс беруші әлеуметтік саясатты жүзеге асыру шеңберінде, өзінің Жұмыскерлеріне келесідей әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады:

1. Жұмыс беруші жұмысшыларға:                                        

1) Қажетті тұрмыстық жағдай жасайды, яғни, киім ауыстыратын орындар, жуынатын душтар, тұрмыстық вагондармен қамтамасыз етуге;

2) Күнделікті жұмыс нысандарына апарып-әкелетін автокөліктер бөліп отыруға;

3) Кенорындарда жұмыс жасайтын жұмысшылар мен Жұмыскерлерді әрбір жұмыс күнінде тегін  түскі аспен қамтамасыз етеді;                                                                

4) Түскі асты жұмысшы асханаларына барып ішуге мүмкіндігі жоқ Жұмыскерлеріне термоспен ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Тамақтану тізімі Жұмыс берушінің актімен бекітіледі.

5) Жұмыс беруші Жұмыскері қайтыс болған жағдайда және өндірісте жарақат алуына байланысты мүгедек болған жұмыскер қайтыс болған жағдайда, айлық есептегіш көрсеткішінің 50 (елу) еселенген мөлшерінде қаржылай көмек көрсетуге (салықтарын есепке алмағанда) міндеттенеді. 

6) Еңбек қызметіне байланысты, жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған Жұмыскердің  жанұясына (зайыбы, балалары).Егер қайтыс болған жұмыскер үйленбеген/тұрмыс құрмаған жағдайда материалдық көмек ата-анасының өтініші негізінде төленеді айлық есептік көрсеткішінің 1000 (бір мың) еселенген мөлшерінде төленеді, салықтарды есептемегенде.

7) Жұмыскерге, Жұмыс берушінің:

  • «Алғыс хат» наградасына ие болғанда 12 500 теңге көлемінде 1 (бір) жолғы сый ақы төленеді;
  • «Құрмет грамотасы» наградасына ие болғанда 25 000 теңге көлемінде 1 (бір) жолғы сый ақы төленеді.

 

2. Жұмыс беруші жұмыскерлерге бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде төмендегі жағдайда қаржылай көмек көрсетіледі:

1) Жылына 1 (бір) рет кезекті еңбек демалысына шыққан кезде денсаулығын жақсартуға, сол қаржылық жылға сай 75 (жетпіс бес) есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жеке табыс салығы мен міндетті зейнеткерлік жарнаны қоса есептегенде) материалдық көмек беріледі.

2) Әйел жұмыскерлер 50 және 55 жасқа шыққанда, ер жұмыскерлер 50 және 60 жасқа шыққанда сол қаржылық жылға сай айлық есептік көрсеткіштің 50 (елу) есе, 55 (елу бес) есе және 60 (алпыс) есе мөлшерінде;

3) Жұмыскерлер жанұясында бала туылғанда, сол қаржылық жылға сай  айлық есептегіш көрсеткішінің 25 (жиырма бес) есе мөлшерінде, ал егерде егіз немесе үшем туылса, қаржылай көмек әр балаға беріледі. Егерде баланың ата-анасының екеуіде Жұмыскер болатын болса, онда қаржылай көмек екеуінің біреуіне беріледі;

4) Жұмыс беруші алғашқы рет некеге отырған Жұмыскеріне есептік көрсеткіштің 40 (қырық) есе мөлшерінде бір рет қаржылай көмек көрсетеді;

5) Жұмыс беруші Жұмыскерлеріне және Жұмыс беруші тізіміндегі зейнеткерлер мен өндірістен алған жарақатына байланысты мүгедектікке шыққан Жұмыскерлерге отбасы жағдайына қарай, жылына 1 (бір) рет, сол қаржылық жылға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 25 (жиырма бес) есе мөлшерінде;

6) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Жұмыскерге зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты ескерту беріліп, еңбек шарты бұзылса, онда мұнай-газ саласындағы еңбек өтіліне қарай төмендегі мөлшерде біржолғы қаржылай көмек беріледі:

  • 10 жылға дейін – алақысының  0,5 айлық тұрақты  бөлігі;  
  • 10 жылдан 20 жылға дейін – жалақысының 1,5 (бір жарым) айлық тұрақты бөлігі;
  • 20 жылдан 30 жылға дейін – жалақысының 2,5 (екі жарым) айлық тұрақты бөлігі;
  • 30 жылдан жоғары – жалақысының 3,5 (үш жарым) айлық тұрақты бөлігі.

3. Баласы 1,5 (бір жарым) жасқа толғанша бала күтімімен ақысыз демалыстағы Жұмыскерлерге, сол қаржылық жылға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 (он) есе мөлшерінде ай сайын қаржылық көмек төленеді, салықтарды есептемегенде;

4. Жұмыскерлердің жақын туыстарының яғни, жолдасының, баласының, ата-анасының, аға-іні, апа-қарындасының қайтыс болуына байланысты, сол қаржылық жылға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 25 (жиырма бес) есе қаржылай көмек төленеді, егер де бір жанұядан екі адам Серіктестік Жұмыскері болса, онда қаржылай көмек екеуінің біреуіне беріледі, салықтарды есептемегенде;

5. Жұмыс беруші жұмыскерлеріне медициналық көмек (қызмет), бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде, сақтандыру ұйымымен Жұмыс беруші арасындағы жасақталған ерікті медициналық сақтандыру келісім-шартына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Жұмыс беруші жұмыскерлерінің 7 (жеті) жастан 14 (он төрт) жасқа дейінгі балаларына Қазақстан Республикасы аумағындағы немесе жақын шет елдердегі демалыс орындарына жолдамалар бағасының (жол шығыны есебімен) 100%-ын өтеу арқылы жылына төмендегі мөлшерде беріледі:

  • 1,2,3 баласы бар жұмыскерге – 1 (бір) дана жолдама;
  • 4 бала және одан да көп балалы және егіз  баласы бар жұмыскерге – 2 (екі) дана жолдама.

7. Жыл сайынғы бейіндік тексерудің қорытындылары бойынша емдеу және сауықтыру іс-шараларына кеңес берілген Жұмыскерлері «Кендірлі» медициналық-сауықтыру орталығына емдеу және сауықтыру курсынан өту үшін жолдама құнының 90%-ын өтеу арқылы жіберіледі.

8. Жұмыс беруші, Жұмыскерлерге Қазақстан Республикасы аймағында орналасқан демалыс және сауықтыру орындарына жылына 1 (бір) рет жолдама береді және жолдама бағасының 80%-ын өтейді.

9. Жұмыс беруші тізіміндегі зейнеткерлер мен өндірісте алған жарақатқа байланысты мүгедектік топқа шығарылған Жұмыскерге, «Ауған соғысына қатысушыларына», «Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушыларға» Қазақстан Республикасы аймағында орналасқан демалыс және сауықтыру орындарына жылына 1 (бір) рет тегін жолдама береді.

10. Жыл сайын «Отан қорғаушы күніне» – «Ауған сағысына қатысушыларға» және «Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысушыларға»,  салықтар есептелместен тиісті қаржы жылына белгіленген 40 (қырық) еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай көмек көрсетіледі.

11. Жыл сайын «Мүгедектер күніне» дәрігерлік сараптама қорытындысына сәйкес мүгедектік топқа жатқызылған Жұмыскерлерге салықтар есептелместен тиісті қаржы жылына белгіленген 25 (жиырма бес) еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

12. Жыл сайын «Мүгедектер күніне» бала кезінен мүгедек балалары бар Жұмыскерлерге салықтар есептелместен тиісті қаржы жылына белгіленген 20 (жиырма) еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі. Бала кезінен мүгедек баланың ата-анасының екеуіде Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын жағдайда материалдық көмек олардың біреуіне ғана төленеді.

13. Жұмыс беруші Жұмыскерлеріне уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жәрдемақы төлейді.

14. Еңбек тәртібін нығайтып жұмысшыларды  ынталандыру  мақсатында, тізбекті жыл бойында еңбекке уақытша жарамсыздық уақытына қалмаған жұмыскерге, сол қаржылық жылдың қорытындысына сәйкес 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде (салықтар есебінсіз) ақшалай  сыйақы төленеді.

15. Жұмыс беруші өзінің бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік және өзге де мерекелік іс-шараларға орай өткізілетін спартакиада және спорттық жарыстар ұйымдастыруға, көркем өнерпаздық конкурстар, мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге қаражат бөліп отырады.

16. Жұмыс беруші өзінің бюджетінде қарастырылған қаражат шегіндегі квотаға сәйкес, Жаңаөзен қаласындағы дене шынықтыру кешеніне бару үшін абономент бөлу арқылы ӘБП/ӨҚБ жұмыскерлерінің спортпен шұғылдануы үшін абономент бағасының 100%-ын төлейді.

Партнеры