zhmysshylar demalysy

«Кен Құрылыс Сервис» ЖШС-і ұжым қызметкерлеріне шипажайларға жолдамамен қамтуды қолға алып отыр. Компания жұмысшылары Қазақстан Республикасының шипажайларына тегін жолдамамен барып, денсаулықтарын жақсартып келеді.

"Кендірлі" демалыс орны
"Көктем" шипажайы (Алматы қаласы)
"Алатау" емдеу-сауықтыру орталығы (Алматы қаласы)
"Алтын-қарғалы" шипажайы (Алматы қаласы)
"Жаңақорған" шипажайы (Қызыл-орда облысы)
"Сарыағаш" шипажайы (Оңтүстік Қазақстан облысы)

«Кен Құрылыс Сервис» ЖШС-і ұжым қызметкерлеріне шипажайларға жолдамамен қамтуды қолға алып отыр. Компания жұмысшылары Қазақстан Республикасының шипажайларына тегін жолдамамен барып, денсаулықтарын жақсартып келеді. "Кендірлі" демалыс орны "Көктем" шипажайы (Алматы қаласы) "Алатау" емдеу-сауықтыру орталығы (Алматы қаласы) "Алтын-қарғалы" шипажайы (Алматы қаласы) "Жаңақорған" шипажайы (Қызыл-орда облысы) "Сарыағаш" шипажайы (Оңтүстік Қазақстан облысы) "Кендірлі" демалыс орны «Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің Қазақ шығанағы аумағында. Демалыс базасының негізгі міндеті демалып жатқандарды толыққанды демалыспен және тамақтандыру мен қызметкерлердің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады. Демалыс базасының алып жатқан көлемі 7,5 га. Демалыс базасының аумағында келесі нысандар орналасқан: «VIP» резиденция – құрылыс көлемі 652 м2. Коса Ада – аралда екі ағаш коттедждер бар. Отбасылық демалыс коттедждер – 4 дана, біреуінің құрылыс көлемі – 185 м2. Жастар демалысының коттедждері – 13 дана, екіқабатты төртбөлмелі, коттедждердің құрылыс көлемі 122 м2. 20 орынды қонақ үй. Таза теңіздік ауамен қатар, демалып жатқандарға қызметтер: Жазғы кафе – сыйымдылығы 100 адам, мейрамхана – сыйымдылығы 90 адам, сауналар, жүзу бассейндері, массаждың әр түрлері, солярий, заманауи жабдықпен жабдықталған сауықтыру кешені, теннистік алаңдар, жаттығу алаңдары, жаттығу залдары, видеозал, би алаңдары, жағажай футболы мен жағажай волейболының алаңдары, бильярд бөлмесі, яхтада серуендеу, гидроциклде қыдыру және т.б. Қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамы: Инженерлік-Техникалық Қызметкерлер (ИТҚ) –42 адам, 166 – жұмысшы. Жазғы уақытта 38 адамға дейін толықтырылады.     "Көктем" шипажайы (Алматы қаласы) «Көктем» — таза ауамен және шипалы сумен емдейтін санаторий. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 2 км жерде, Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте орналасқан. Бір мезгілде 350-ден астам адам емделеді. 1981 жылға дейін «Көктем» санаторийі «Ремизовка» демалыс үйі болып аталып келген. Таудың таза ауасы мен сұлу табиғаты, табиғи шипалы минералды суы санаторийге келушілердің жақсы емделуі мен демалуын қамтамасыз етеді. Қаңтар айының орташа температурасы –3,8°С, ал шілдеде 20,7°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 780 мм-ге жетеді. 1990 жылы санаторий аумағынан минералдылығы аз, гипертермальды (42 – 44°С) құрамы азотты-сілтілі және хлорид-сульфатты натрийлі, кремний қышқылы мен фторға қаныққан табиғи шипалы жер асты ыстық су көзі табылған. Бұл судың құрамы мен температурасы «Сарыағаш» суына ұқсас болғанымен құрамы одан да күрделі, сондықтан табылған шипалы судың адам организміне тиімді әсері жоғары. Шипалы суды ішу арқылы ас қорыту жүйесінің ауруларын (созылмалы гастрит, асқазаннан бөлінетін сөлдің қышқылдығының жоғары не төмен болуы), асқазан ішек жараларын, бауыр және өт, несеп жолдарының ауруларын, бүйрекке тас байлану, созылмалы цистит және простатитті емдейді. Сондай-ақ асқазанға және өт жолдарына жасалған операциядан кейін осы шипалы суды ішу – организмге өте пайдалы екені анықталған. Санаторийдің осы заманғы құралдармен жабдықталған емдеу ғимараттарында шипалы су толтырылған 4 камералы ванналар, су асты массаж жасау, омыртқа жотасын су астында тік бағытта созып емдеу, шипалы су құйылған бассейнде арнайы емдік жаттығулар жасау жолға қойылған. Санаторийде функционалдық диагностика қою, физиотерапия, инемен емдеу, микротолқындық терапия, лазермен емдеу, су-джок терапия, сүлік қою, массаж (қолмен нүктелік, вакуумдық) жасайтын, емдік дене шынықтыру және стоматолгия кабинеттер бар. Жаз кезінде күнмен емдеу (гелиотерапия) жолға қойылған. "Алатау" емдеу-сауықтыру орталығы (Алматы қаласы) «Алатау» емдік-сауықтыру кешені еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласының шетінде табиғаты әсем, демалыс пен емделуге барлық жағдайлар жасалған теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте орналасқан. Бірегей сәулетті 2 қабатты ғимаратта 4 жұлдызды бәр және екі орынды терезесі Іле Алатауына қарайтын бөлмелерден тұрады. Таза ауа мен тыныштық, кешеннің кез кез келген жерінде тазалық пен тәртіп , бөлмелерде ыңғайлылық пен көркемділік, асханада дәмді ас пен тез әрі сапалы қызмет, тиімді әрі білікті емдеу, кешен қызметкерлерінің ізеттілігі мен сыпайылығы сіздің кешенде дем алуыңыз бен емделуіңізді жағымды әрі көңілді етіп, өз денсаулығыңызды жақсартып алуға нағыз ыңғайлы жағдай туғызады. Әр жыл сайын "Алатау" емдік-сауықтыру кешенінде 10 мыңнан астам адам ем қабылдап демалады. «Алатау» емдік-сауықтыру кешенін бірегей деп тану өте орынды, өйткені бір ғана кешенде емдік және диагностикалық орталық, спа орталық, спорт кешені, аквапарк, гольф-клуб және мейрамхана орналасқан. Осындай әр-түрлі салалардың бір орында жұмылдырылуы басқа ешқандай жерде орын алмаған. Емдеу бағыттары: * Тірек-қимыл аппараты* Асқазан-ішек тракты* Жүрек-қан тамыр жүйесі* Өт жолы-жыныс жүйесі* Жүйке жүйесі Емдеу кешеніне су процедуралары (былау, душ, сулау), физиотерапевтік шаралар, минералды сулар, балшықпен емдеу, емдік шынықтыру және дәрігер нұсқауы бойынша т.б. шаралар кіреді. "Алтын-қарғалы" шипажайы (Алматы қаласы) Алтын- Қарғалы шипажайы - бұл сiздiң тілектеріңіз орындалатын орын. Жүйкені тоздыратын ауыр жұмыс күнi, белсендi демалыс күндерінен кейін дем алып, ем алып өмірге қайта тың күшпен кіру таптырмайтын орын.Сіз үшiн жартылай люкс, люкс, сонымен бiрге таңдаулы коттедждер ұсынылады. Нөмерлер спутниктi ТV, мини- бармен, халықаралық байланыспен жабдықтаған. Шипажай жанында қорғалатын тұрақ та болады.Көп ұлттардың асханасы бар бiздiң мейрамхана әрбiр аданыңкөңілінен шығады, төрт реттiк тамақтану диетиялық және вегетариандық мәзiрдi ұсынады. Банкеттер, фуршеттер, әр түрлi мерекелердi өткiзуi де осы біздің мейрамханада мүмкін. Залдың сыйымдылығы - 250 адамға дейін. Кинофильмдерді көру, би кештерi бәрі-бәрі іздің демалысыңыз үшін. Бiз терапияның дәстүрлi және дәстүрлi емес әдiстерiмен емдейміз. Інжу минералды ванналары, оттек коктейльдер, шипалы балшықпен емдеу, массаждың түрлерi де емдеу шараларының негізгілері. Жаңа колон-терапия iшектегі токсиндерді тазалауға мүмкiндiк бередi. Сымбатты болғысы келгендерге салмақ төмендетудің жаңа бағдарламасын жасадық. Қосымша ретiнде бiзде бумен емдейтін кабина бар, мұнда иондалған ауаның әсерi және ароматерапия жолымен адам биоритмі қалпына келтіріліп бұлшқ етті демалдырады. Қызметтер: - ашық теннис корты, бильярд, столда ойналатын теннис,шахматтар, нардтар;- Бар, мейрамхана - еуропалық, қазақ, шығыс асханасы,- тегiн автотұрақ;-300 адамға дейін банкет залы Жеке шипажай-курорттық емдеу: - жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары;- тiрек-қимыл аппаратының аурулары (остеохондроз, полиартрит тағы басқалар);- жүйке жүйесі аурулары (құяң, неврит, невралгия, миозит) жүйелер;- жүйке жүйесiнiң функционалдық бұзылулары;- нетуберкулезного аурулардың тыныс алу жүйесінің туберкулездік емес сипаттағы аурулары;- гастрит асқазан-iшек тракты аурулары,- холецистит, шаншу. Емдеудiң түрлерi: - электр қуатымен емдеу;- сумен емдеу, гидротерапия;- классикалық массаж;- ингаляциялар, ЛФК;- парафинмен емдеу;- магнитті терапия;- дәрi-дәрмекпен емдеу;- (жалпы бишофиттi былау) бальнеотерапия;- жалпы процедуралар;- ортопед-стоматологтiң қызметi. "Жаңақорған" шипажайы (Қызыл-орда облысы) Жаңақорған шипажайы — Қазақстандағы бальнеологиялық шипажайлардың бірі. Қазақстан темір жолыбойында, Қызылорда қаласынан 170 км, Теріскен көлінің жағасында, Жаңақорған кентінің жанында, теңіз бетінен 170 м биіктікте орналасқан. Шипалы балшығы мен тұзды суы ертеден белгілі болғанымен, санаторий болып тек 1918 жылдан бастап ашылған. Мұнда көбіне қол-аяқ, омыртқа буындарының сырқаттарын және гинекологиялық ауруларын емдейді. Негізгі емі: Теріскен көлінің шипалы балшығы, тұзды суы. Сондай-ақ, жақсы жабдықталған физиотерапия кабинеттері бар. Шипажай туралы мәлімет. Шипажай жыл бойы жұмыс істейді. 393 орынға арналған 7 корпусы, 260 адамдық асхана бар. Шипажайдағы демалушыларға арналған орындар – жай орын, люкс, «особняк» деп бөлінеді. Шипажайда қосымша мынадай физиотерапиялық емдеулер қолданылады: ультрадыбыс, электрофорез, УВЧ, амилипульс, солюкс, УФО, лазер терапиясы, үгудің алуан түрі. Емдік медицинаның соңғы үлгідегі диагностикалық аппараттары мен УЗИ, ФГДС, ЭКГ зерттеу жолға қойылған. Шипажайда емдейтін сырқаттар. Сүйек-буын аурулары: полиартрит, артрит, артрозоартрит, остеохондроз, ревматроидты полиартрит, бруцеллезді полиартрит. Перифериялық нерв жүйелерінің аурулары: неврит, полиневрит, радикулит, полирадикулоневрит, омыртқа жұлын жарақаттарының зардаптары, грыжа Шморля. Гинекологиялық аурулар: созылмалы аднексит, сальпингоофорит, бірінші және екінші бедеулік. Урологиялық аурулар: созылмалы простатит, ерлер ұрықсыздығы, ерлер белсіздігі. Асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары: созылмалы гастриттің барлық түрі, колит, дуоденит, гепатит, холесистит, өт жолдарының дискенезиясы, созылмалы пиелонефрит, семіздік, подагра. Стоматологиялық сырқаттар: парадонтоз, стоматит, гингивит. Емдік факторлар. Курорттағы өте құнды, табиғи және ғасырлар бойы табиғаттың өзі жасап шығарған емдік факторлар: Теріскен көлінің көптеген химиялық элементтері бар пайдалы ерітінді тұзды суы; Табиғи лабораториядан өткен тұзды балшық, лай және батпақтары; Бұл тұзды ерітінділер мен балшық-батпақтардың белгілі ыстықтықпен шектеліп адам денесінің барлық түкпір-түкпіріне берілуі және керекті жағдайда қазіргі электр тоғының әсерімен ауырған жерге енгізілуі; Минералды ауыз суымен асқазанды, жіңішке, жуан ішектерді, бауыр және өт жолдарын шайып, жуу әсері; Курорттық климаттық фактор: бұл жерде ауа-райының бір жыл ішінде 7-8 айдай бірқалыпты ыстық болып адамды терлетіп, су айдағыш қабілеті денеден тер арқылы барлық керексіз улы заттарды айдап шығаруы; бұл табиғи жағдай бүйректің жұмысын жеңілдетіп, оларды демалдырып, қабынған тіндердің қалыпты жағдайына келуіне әсер етеді. "Сарыағаш" шипажайы (Оңтүстік Қазақстан облысы) Сарыағаш Шипажайы – емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан бальнеологиялық «Сарыағаш шипажайы» АҚ. 1953 – 56 жылдардан емдеу орнына айналды. Сарыағаш шипажайы шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының температурасы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. Сарыағаш шипажайы шаруашылық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де белгілі.

Партнеры