«Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне орай «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-де «Үздік маман – 2025 жыл» кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.

Аталған конкурс аясында келесі мамандықтар бойынша кәсіби шеберліктер сыналды:
Құрылыс конструкцияларын құрастырушы мамандар – тербелмелі қондырғылардың іргетасын орнату жұмыстарын орындау;

Сыртқы құбырларды құрастыруы мамандар – қыздыру бағанасының тоспасын тексеру және ревизиялау;

Термоизоляциялық оқшаулаушы мамандар – қыздыру бағанасын жылуоқшаулау;

Электрогазбен дәнекерлеуші мамандар – құбыр катушкасын дәнекерлеу;

Электрогазбен кесуші мамандар – құбырларды кесу;

Электроқұрастырушы мамандар – электр қозғалтқышын магниттік іске қосқыш арқылы қосу және басқару.

Конкурстың мақсаты – кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігі мен сапаны қамтамасыз ету және үздік мамандарды анықтау болды.
▫️Мамандардың көрсеткен нәтижелері негізінде жүлделі орындар белгіленіп, олар серіктестік атынан алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және қаржылай сыйақымен марапатталады. 👏

Партнеры