
«Кен Құрылыс Сервис» ЖШС-і негізгі саласы Өзен кенорнын жайластыру болып табылатын «Мангышлакнефть» Мұнай-Газ Өндіру Басқармасы жанынан 1968 жылы құрылыс-монтаждау бөлімшесінен бастау алып, іргетасы 1970 жылы қаланған. Мұнай Газ Өндіру Басқармасына қарасты «Құрылыс Құрастыру Басқармасы» өндірістік бірлестігі болып құрылған.
1998 жылдың тамыз айында «Өзенмұнайгаз» ААҚ –ның «Өзенмұнайқұрылыс» басқармасының құрылымын өзгерткеннен кейін, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еншілес мекемесі «Кен-Құрылыс Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта құрылды.
Мекеме құрылған уақыттан бастап, өзінің өндірістік қызметін «Өзен» кенорындарында жүргізіп, төмендегідей жұмыс түрін жүргізді:
- Бұрғылаудан шыққан мұнай ұңғыларын жайластыру;
- Станок—качалкаларды жаңарту
- Құрылыс және әр түрлі диаметрлі мұнай-газ және су құбырларының күрделі жөндеу жұмыстары;
- ВЛ,ЛЭП, КТП, кабельдер жүйесінің құрылысы, байланыс желісі мен телемеханика құрылысы;
- Мұнай және газ өндірісінің технологиялық жабдықтарын құрастыру;
- Жалпықұрылыс жұмыстарын жүргізу (имараттар мен ғимараттардың құрылысы, әрлеу жұмыстары);
- Қазандықтардың құрастыру жұмыстары.
Серіктестіктің ұзақ жылдық қызметінде тікелей немесе қатысуымен жасалған өндірістік және әлеуметтік жұмыстарды мақтанышпен атап өтуге болады:
- 1998 жылдан бері (мекеме құрылғаннан бастап) құбырларды құрастыру жұмыстары бойынша 2000 км, станок-качалкалар - 2150 данадан астам;
- 1985-1986 жылдары Фетисов мүйісі аумағында 240 орындық пионер лагері салынды;
- 1997 ж. Жаңаөзен қаласының МУД-720 су тазарту ғимаратының құрылысына қатысуы;
- 2000-2002 жылдары «Кендірлі» демалыс аймағының құрылысына белсенді қатысуы.
Серіктестік «Өзен» кенорнынан тыс жерлерде, тіпті облыс көлемінен тыс жерлерде де, атап айтар болсақ, 2003-2004 ж.ж. ұтып алған тендер бойынша Ақтөбе облысының «Алибек мола» кенорнында ВРП құрастырып, жоғары қысымды су аққы құрылысын жүргізіп, вахталық әдіспен жұмыс жүргізудің тәжірибесін игерді. Қазіргі таңда Атырау облысы «ЭмбаМұнайГаз», «ЖайықМұнайГаз» АҚ-мен өндірістік нысан жұмыстарын вахталық әдіспен жүргізуде.
- Кешенді құрылыс бригадалары бар өндірістік құрылыс учаскелері қалыптасып, құрылыс және технологиялық құбырлардың күрделі жөндеу жұмыстарымен және дәнекерлеу-құрастыру жұмыстарының басқа да түрлерімен және станок-качалкалардың және олардың іргетасының құрылысы, көтерме алаңының, электр тоғының әуе желілерінің, байланыс кабельдерін төсеу жұмыстарын жүргізу мен күрделі жөндеуі жұмыстарымен айналысады.
Өндірістік базада қойма, гараж, механикалық-жөндеу шеберханасы, жөндеу бокстары, әкімшілік ғимараты орналасқан.
Бүгінгі санақ бойынша мекемемізде 335 адам еселі еңбек етіп, жаһандану мен жаңару жолында қызметтер атқарып келеді.
Ұжымдық шартқа сәйкес кәсіпорын кенорындарында жұмыс жасайтын қызметкерлерді тамақпен, арнайы киіммен, жеке сақтану құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, өндіріс орындарында жүргізілетін аттестация нәтижесіне сәйкес, зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін қызметкерлерге сүт өнімдері беріледі. Жыл сайын жаз айларында қызметкерлердің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырылады.
Серіктестік қызметкерлеріне еліміздің әр аймағында орналасқан демалыс орындарына барып, денсаулықтарын жөндеуіне барлық мүмкіндік қарастырылған.
Жыл сайын құрылысшылардың төл мерекесіне орай, таңдаулы мамандарды анықтайтын «Үздік маман» сайысы өткізіліп, өзара мықтыларды анықтап, арнайы марапаттар табысталады.
Сан жылдық тарихы бар кәсіпорынның бүгінгі 55 жылдық мерейтойы құтты болсын! Үнемі шарықтау мен өрлеу жолында атқарылатын қызметтеріміз таусылмасын! Бүгін бізге 55 жыл! Жаса, Жайнай бер Кен Құрылыс Сервис!







