Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтің бастамасымен сәуір айынан бері елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Осы акцияны қолдау мақсатында, ағымдағы жылдың тамыз айының 24-ші жұлдызында ЖШС «Кен-Құрылыс-Сервис» қызметкерлері сенбілікке шықты. Жаңаөзен қалалық әкімшілігінен келген сенбілік іс-шараларына сәйкес,Серіктестік директоры мен қызметкерлері Кендірлі ауылының 33-көшесі мен «Болашақ» станциясына баратын темір жолдың арасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 30 қызметкер, 1 дана жүк көлігі, 1 дана жүк тиегіш көлік, 1 дана автобус, 1 дана пикап көлігі жұмылдырылды. Жүк көтергіш (самосвал) көлігімен 5 рейс құрылыс қалдықтары, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.