«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС Серіктестік балансында тұрған арнайы техникаларды іске асырудың екінші кезеңі өткізілетінін хабарлайды. Іске асыру «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС активтерін іске асыру қағидалары П-16-02 талаптарына және активтерді іске асыру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 18 маусымдағы шешіміне, №2 хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Іске асыруға бекітілген тізбеге сәйкес 46 (қырық алты) бірлік арнайы техника ұсынылады.
Мүдделі заңды тұлғалар арнайы техниканы сатып алу бойынша коммерциялық ұсынысын немесе өтінімін, тізбеге сәйкес қызығушылық танытқан арнайы техниканың атауын көрсете отырып, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС мекенжайына 2026 жылғы «19» маусымнан бастап 2026 жылғы «25» маусымға дейін жолдауы қажет.
Сатылымға шығарылған арнайы техникалардың тізбесімен, техникалық жай-күйімен, құнымен және сатып алу шарттарымен мына мекенжай бойынша танысуға болады: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС әкімшілік ғимараты, немесе мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (72934) 93 595.
Перечень автотранспортных средств, сформированный по результатам оценки







