«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені Рахимбергенов Еркін Мағауұлы болып табылады.
Омбудсмен – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі оған жүгінген компания қызметкерлеріне кеңес беру және әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ компания қызметкерлерінің іскерлік әдеп кодексінің қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу болып табылады.
ҚМГ Іскерлік этика кодексінде ҚМГ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының нәсіліне, дініне, ұлтына, жынысына, саяси немесе басқа да тиесілігіне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, қарым-қатынас тіліне және басқа да белгілеріне қарай ешкімді кемсітпеу қағидаттары нақты көрсетілген.
Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің іскерлік этика кодексін бұзу және заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда +7 (7172) 78 65 61 телефон нөміріне хабарласып, сондай-ақ омбудсмен электронды поштасы арқылы жазбаша үндеу жолдауға болады Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұдан басқа, омбудсменге өтініштерді қағаз тасығышта: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 8, «Изумруд Кварталы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, конвертте «ҚМГ омбудсменіне» деген белгімен жіберуге болады