Құрметті "Кен-Құрылыс-Сервис" ЖШС-нің Жұмыскерлері!

kkshetau lageri 02

Балалар лагері - демалыс кезінде балалардың демалысын және сауықтыру шараларын ұйымдастыру үшін көзделген. Бүгінгі таңда балаларға музыкалық және көркем, футбол немесе шетел тілдерін оқытумен, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеумен байланысты лагерьлер ұсынылады.

Жалпы сауықтыру лагерьлердің мақсаты - білім беру және мәдени даму. Себебі балалар өздерін үйден гөрі, толық қауіпсіздік және қолайлы қоршаған орта жағдайында ересек және дербес сезінуі мүмкін.

Сіздердің назарларыңызға хабарлаймыз, биылғы 2019 жылдың балалардың жазғы демалысы келісідей сауықтыру лагерьлерінде ұйымдастырылады:

  • Алматы облысында орналасқан "Арман Дала" балалар сауықтыру лагері - Алматы қаласынан 18 км радиуста Іле Алатауының бөктерінде орналасқан;
  • Түркістан облысында орналасқан "Машат-Арасан" балалар сауықтыру лагері - Түркістан облысының ең көркем жерлерінің бірінде Машат өзенінің шатқалында орналасқан;
  • Маңғыстау облысында орналасқан "Ақбөбек" балалар сауытыру лагері - Каспий теңізінің жағалауында, экологиялық қолайлы ауданда, өнеркәсіптік ятиялардан кемінде 60 километр қашықтықта орналасқан. 

Аталған барлық лагерь туралы ақпаратпен төмендегі сілтемелерге басып, таныса аласыз.

«Машат-Арасан» балалар сауықтыру лагері

mg 8680

Балаларды сауықтыру лагері - Түркістан облысының ең көркем жерлерінің бірінде, Машат өзенінің шатқалында орналасқан. Балалардың демалысы мен денсаулығын нығайту үшін тамаша жағдайлар жасалған, олардың келуі (шығуы) тұрғысынан өте ыңғайлы, сондай-ақ, дамыған инфрақұрылым мен көлік схемасы бар, жылыту, желдету және өрт қауіпсіздігі толықтай қамтылған.

Балаларды сауықтыру лагері келесідей талаптарды қамтамасыз етеді:

  • Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін балаларды жайлы корпустарға орналастыру;
  • Коттедждерде немесе заманауи қабатты корпуста балалардың нөмірлерде тұруы (бір бөлмеде 6 адамнан артық емес);
  • Ұйықтайтын корпустарда тәулік бойы суық және ыстық судың болуы;
  • Әрбір бөлмеде ыңғайлы керек-жарақтың болуы (қолжуғыш, душ, дәретхана);
  • 1 (бір) балаға есептегенде бөлмелерде – кереуеттер, тумбалар, матрастар, кемінде 2 (екі) жайма (немесе жайма және көрпе тысы), көрпелер, жастықтар, тыстар, аптасына кемінде 1 (бір) рет төсек-орын ауыстырумен, бөлмеге киімге арналған шкаф, 100% мақтадан жасалған төсек-орын жабдықтары;
  • Балалар бөлмесін күнделікті ылғалды жинап тазалау;
  • Балалардың қауіпсіздік талаптарына жауап беретін асхана, медициналық пункт, мәжіліс залы, үйірмелер мен секцияларға арналған үй-жайлар, диско-зал, түрлі спорт алаңдары, шағын футболға арналған алаңдар, жағажай волейболына арналған алаңдар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер (билер), дамыту ойындары, кітапханалар, спорттық және басқа да мүкәммалдардың болуы.
  • Қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинау шаруашылық аймағының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.
  • Отрядтарда 15 (он бес) балаға кемінде 1 (бір) тәлімгер (вожатый) болуы.

Сондай-ақ, Балаларды сауықтыру лагерінің қызметіне кіреді:

  • балаларды Шымкент қаласының әуежайынан лагерьге дейін және кері қарай кондиционерлермен, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған, жол полициясы органдарының ілесіп жүруімен жайлы автобустарда жеткізу;
  • еріп жүрушілердің тұруы және тамақтануы (келуге 2 адамнан кем емес);
  • кәсіби оператордың бейне/фото түсіруін жүзеге асыруы, кейіннен компакт-дискіні беру;
  • лагерь логотипі бар футболка мен бейсболка жасау және сыйлық рюкзак (жеңдер, бассейнге арналған бас киім, көзілдірік, тәттілер).

Коттедждерде немесе заманауи қабатты корпуста балалардың нөмірлерде тұруы (бір бөлмеде 6 адамнан артық емес);
Ұйықтайтын корпустарда тәулік бойы суық және ыстық судың болуы;
Әрбір бөлмеде ыңғайлы керек-жарақтың болуы (қолжуғыш, душ, дәретхана);
1 (бір) балаға есептегенде бөлмелерде – кереуеттер, тумбалар, матрастар, кемінде 2 (екі) жайма (немесе жайма және көрпе тысы), көрпелер, жастықтар, тыстар, аптасына кемінде 1 (бір) рет төсек-орын ауыстырумен, бөлмеге киімге арналған шкаф, 100% мақтадан жасалған төсек-орын жабдықтары;
Балалар бөлмесін күнделікті ылғалды жинап тазалау;
Балалардың қауіпсіздік талаптарына жауап беретін асхана, медициналық пункт, мәжіліс залы, үйірмелер мен секцияларға арналған үй-жайлар, диско-зал, түрлі спорт алаңдары, шағын футболға арналған алаңдар, жағажай волейболына арналған алаңдар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер (билер), дамыту ойындары, кітапханалар, спорттық және басқа да мүкәммалдардың болуы.
Қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинау шаруашылық аймағының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.
Отрядтарда 15 (он бес) балаға кемінде 1 (бір) тәлімгер (вожатый) болуы.

Сондай-ақ, Балаларды сауықтыру лагерінің қызметіне кіреді:

балаларды Шымкент қаласының әуежайынан лагерьге дейін және кері қарай кондиционерлермен, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған, жол полициясы органдарының ілесіп жүруімен жайлы автобустарда жеткізу;
еріп жүрушілердің тұруы және тамақтануы (келуге 2 адамнан кем емес);
кәсіби оператордың бейне/фото түсіруін жүзеге асыруы, кейіннен компакт-дискіні беру;
лагерь логотипі бар футболка мен бейсболка жасау және сыйлық рюкзак (жеңдер, бассейнге арналған бас киім, көзілдірік, тәттілер).

Партнеры